«Астананың» бас бапкері: Ертең кімдердің шығатыны әлі белгісіз

«Астананың» бас бапкері: Ертең кімдердің шығатыны әлі белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері мальталық «Валлеттамен» болатын ойын алдында журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Алғашқы матчқа баға беріңізші, өтінемін?

- Біз жақсы ойнауды көздедік және жеңетінімізге сенімді болдық. Ойын барысыда сеніміміз күшейе түсті. Нәтиже туралы айтар болсам, матч барысында бес гол соқтық. Алайда қарымта кездесу қарсаңында оны ұмытуға тиіспіз. Ертең де жақсы ойнағымыз, алдыңғы қателіктерді түзегіміз келеді және бұрынғыдай мықты ұжым болуды қалаймыз.

- Командаңыздың Еуропа лигасының топтық кезеңге шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Әзірге ол туралы ойлау ерте. Біз ертеңгі матчты ойлауға тиіспіз. Өткен матчтың есебін жадымызда шығарып тастап, өзіміздің ойынымызды көрсетуіміз керек.

- Ертең Мальтада «Астананы» 200-ден астам жанкүйер қолдайды, команданы қолдау сіздер үшін қаншалықты маңызды?

- Біз жанкүйерлерімізге әрдайым алғыс білдіріп отырамыз. Олардың әрдайым «Астана Аренада» ғаламат атмосфера қалыптастырып жүргені анық, ал ертеңгі қолдауға келетін болсақ, 200 адам деген мені таң қалдырды және әрине, біз олардың да, Қазақстандағы теледидардан бізді тамашалайтын жанкүйерлердің де көңілдерін жабырқатпауға тырысамыз.

- Бірінші матчтағы сенімді жеңістен кейін, құрамда қандай да бір өзгеріс бола ма?

- Мен ол туралы дәл қазір ештеңе айта алмаймын, себебі, әзірге мен алаңға шығатын құрамды толық ойластырған да жоқпын. Әдетте біз мұндай шешімді ойын болатын күні ғана қабылдаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер