14 тамыз

«Канелоның» промоутері: Альварес – Головкин кездесуі өтуі тиіс

«Канелоның» промоутері:  Альварес – Головкин кездесуі өтуі тиіс

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар де ла Хойя, орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес пен осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

«Мен үшінші жекпе-жекті тамашалаймыз деп ойлаймын. Альварестің әлеуетін, Головкиннің «Канеломен» тағы бір рет кездесуге деген ниетін және көрермен мен жанкүйерлердің талап-тілегін ескеру керек. Нақты қашан екенін дөп басып айту қиын, бірақ бұл жекпе-жек өтеді деп ойлаймын», дейді Де ла Хойя.

Естеріңізге сала кетейік, инсайдерлердің жалпы пікірі бойынша, Головкин мен Альварестің үшінші кездесуі екі боксшының Dazn стримингтік сервисімен ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, осы жылдың қыркүйек айында өтуі тиіс болатын. Golden Boy президенті Эрик Гоместің айтуынша, қазақстандықпен тағы бір рет кездесу туралы шешім Альварестің қолында.

"Бәрі Альвареске байланысты. Оның қолында  жеңіс тұр және сол үшін Сауль жекпе-жек өткізгісі келе ме, ол жағын өзі шешеді. Оның «жанкүйерлер үшінші кездесуді көргісі келсе, міндетті түрде өткіземіз деген сөзі бар», деді Гомес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.