Велоспорт

12 жыл «Астананың» намысын қорғаған қазақстандық шабандоз басқа командаға ауысты

12 жыл «Астананың» намысын қорғаған қазақстандық шабандоз басқа командаға ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоз Андрей Зейц бұдан былай аустралиялық Mitchelton-Scott командасының сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Соңғы 12 жылда «Астананың» сапында сынға түскен шабандоз әлемдік турдың командасымен екі жылдық келісімшартқа отырған. Мансабын 2008 жылы бастаған Андрей Зейц осы уақытқа дейін 18 Гранд-турға қатысып, барлығында соңына дейін жүріп өткен.

Mitchelton-Scott командасы 2012 жылы құрылған. UCI ProTeams статусы бар. Негізгі құрамында Адам мен Саймон Йейтстер, Микель Ниеве және Эстебан Чавес секілді танымал шабандоздар өнер көрсетеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер