Еркін күрес

Жасөспірімдеріміз әлем чемпионатында екі жүлде алды

news-banner7
mobile-news-top

Эстония астанасы Таллинде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар екі жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Адлан Асқаров қола жүлдегер атанды. Ал қоржынға екінші қоланы 65 келіде Талғат Сырбаз түсірді.

57 келіге дейін:
1. Тошия Абе (Жапония);
2. Виталий Оруджев (АҚШ);
3. Ахмед Идрисов (Ресей), Адлан Асқаров (Қазақстан).

65 келіге дейін:
1. Амирхоссейн Азим Махсуди (Иран);
2. Курбан Шираев (Ресей);
3. Туран Байрамов (Әзірбайжан), Талғат Сырбаз (Қазақстан).

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер