Жеңіл атлетика

Универсиаданың күміс жүлдегері екі жарысқа қатысады

Универсиаданың күміс жүлдегері екі жарысқа қатысады
news-banner7
mobile-news-top

400 м жүгіруде 2019 жылғы Дүниежүзілік жазғы универсиаданың күміс жүлдегері, қазақстандық Михаил Литвин осы аптада Еуропада басталатын екі жарысқа қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 тамызда Литвин Польшаның Щецин қаласында Веслав Маниак мемориалында өнер көрсетеді. Бұл жарыс атақты поляк спринтері атындағы қалалық жеңіл атлетика стадионында өтеді.

18 тамызда Люксембургтің Шиффланге қаласында халықаралық Permit Meetings турнирі өтеді. Онда Литвин 21 спортшымен күш сынасады.

Еске салайық, Литвин 400 метрге жүгіруден Қазақстан чемпионы, сонымен қатар Неапольдағы Универсиада кезінде ол 4х400 метрлік эстафетада Қазақстан рекордын орнатқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер