Хоккей

«Салават Юлаевтың» бұрынғы шабуылшысы «Алматыға» ауысты

«Салават Юлаевтың»  бұрынғы шабуылшысы «Алматыға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі шабуылшы Александр Нестеров «Алматы» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 33 жастағы хоккейші Көкшетаудың «Арланында» ойнап, Қазақстан чемпионатының 53 матчында 32 (14 + 18) ұпай жинады. Құрлықтық кубоктағы 6 кездесуде ол еншісіне 5 (2 + 3) ұпай жазған.

Бұған дейін Мәскеудің ЦСКА түлегі көптеген жылдар бойы КХЛ-да ойнап, «Лада», «Салават Юлаев», «Автомобилист», «Адмирал», «Сибирь», «Спартак», «Авангард» және «Атлант» сияқты клубтардың намысын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер