русский язык
Бокс

Бобыржан Момынов тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады

Бобыржан Момынов тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

WBC Asia және NBA Intercontinental чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (10-0, 8 КО) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.

АҚШ-тың Корона қаласында 23 тамыз күні өтетін бокс кешінде Бобыржан Момынов пуэрторикалық Хавьер Флореспен (14-2, 12 КО) жұдырықтасады. 33 жастағы боксшы 16 жекпе-жегінің тек екеуінде жеңіліс тапқан. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін 23 наурыз күні өткізді. Ол 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыласы америкалық Джонатан Стилді (9-3-1, 6 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;