Бокс

Ербосынұлы мен Жаңабаевтың титулдық жекпе-жектерін ешбір арна көрсетпейді

Ербосынұлы мен Жаңабаевтың титулдық жекпе-жектерін ешбір арна көрсетпейді
news-banner7
mobile-news-top

Аустралиядағы бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың жекпе-жектерін елімізде ешбір арна көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Хабар» телеарнасы мен «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы боксшылардың жекпе-жектерінен тікелей трансляцияны ұйымдастыруға тырысқанымен, техникалық жағынан көрсету мүмкін болмаған.

Осылайша, қазақстандық боксшылардың титулдық жекпе-жектерін елімізде ешбір арнадан көрсетпейді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті боксшы Стив Гагодан жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental титулын қорғап, WBO Oriental мен IBF Pan Pacific белбеулері үшін жұдырықтасады.

Айдос Ербосынұлы болса аустралиялық Рокки Йеркичпен екінші орта салмақтың WBO Global, WBA Inter-National және WBC Asia Continental белбеулері үшін қолғап түйістіреді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер