13 тамыз

Спорт саласындағы жемқорлық бойынша 39 іс тіркелген

Журналист
Спорт саласындағы жемқорлық бойынша 39 іс тіркелген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілдері жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабековтің айтуынша, салаға бөлінген мемлекет қаражаты көп жағдайда тиімді игерілмей отыр.

«Жыл сайын бұл салаға бюджеттен 60-80 млрд теңге бөлінеді. Өкінішке орай, соның бәрі мақсатына сай игеріліп жатқан жоқ. 2018-2019 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қарауына 39 сотқа дейінгі өндіріс құжаттары түсті. Оның көбі – ақша жымқыру, қызметін асыра пайдалану, пара алу және апара беру фактілерімен байланысты», - деген агенттік өкілі олардың арасында басшылық лауазымдағы қызметкерлер де, бапкерлер де бар екенін атады.

«Мысалы биыл Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының директоры Жанпейісов оқу-жаттығу форумдарын өткізу туралы жалған құжат жасау арқылы 139 млн. теңге иемденгені үшін ұсталды. Ал Батыс Қазақстан облысында спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Шаяхметов пен бөлім басшысы спорт мектептерінің бапкерлерінен заңсыз ақша жинаған. Сырдария аудандық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры 50 мың теңге пара алған үшін сотталды», - деді Бауыржан Балғабеков.

Түпнұсқасы:inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.