Теннис

Зарина Дияс ірі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннатиде (АҚШ) негізгі турнирге жолдама алды.

Әлемнің 79-ракеткасы Зарина Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 55-орындағы америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Үш сағатқа жуық созылған матч өте тартысты өтті. Бірінші партияда тай-брейкте Д.Пегула басым түсті – 7:6 (7:4). Екіншісінде З.Дияс есе қайырды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша З.Дияс жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды. Зарина онда әлемнің бұрынғы бірінші, қазір 10-ракеткасы, атақты Серена Уильямспен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер