ММА

Хабиб жекпе-жек алдындағы психологиялық жауапкершілікті сезінетінін айтты

Хабиб жекпе-жек алдындағы психологиялық жауапкершілікті сезінетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде америкалық Дастин Порьемен болатын жекпе-жек туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

  • Әрине, психологиялық жауапкершілікті сезінемін. Ең бастысы, мен нені жоғалтамын, соны өзім үшін білуім керек. Егер осы кездесуде жеңілсем, бәрін жоғалтатынымды білемін. Сол үшін тыңғылықты дайындалып жатырмын. 7 қыркүйек күні октагон ішінде не болатынын ешкім білмейді, - дейді Хабиб UFS Russia-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 27 кездесу өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен. Дастин Порье 25 мәрте жеңіп, 5 дүркін жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер