Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері әлем чемпионаты туралы айтты

Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері әлем чемпионаты туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Токиода өтетін әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрамасы да өз деңгейінде дайындалуда. Қазіргі кезде команда мүшелері негізгі жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әлемдік сындағы басты мақсаттарды атады, деп жазады Prosports.kz..

«Командамен жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. 16-тамызда дайындықтың соңғы кезеңі өтеді. Жалпы алғанда, қыздардың әлеуеті жаман емес. Команданың негізгі үміті Галбадрах Отгонцэцэг екені анық. Ол Загребтегі Гран-при турнирінде жеңіске жетіп, олимпиадалық рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады. Бүгінде қызу дайындық жүргізуде, көңіл-күйі де, бабы да жақсы. Токиодағы әлем чемпионатында 52 келіде күресетін Анна Казюлина да өзін жақсы қырынан көрсетуі мүмкін. Ол өте тәжірибелі спортшы. Ал 57 келідегі Севара Нышанбаева биылғы Азия чемпионатында үздік үштіккке енді. 63 келідегі Иоланта Бердібекова елішілік жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. 70 келідегі Мөлдір Нарынова жақында ғана жастар арасында Азия чемпионатында жеңіске жеткен. Бұл әлем чемпионаты Мөлдір үшін үлкен тәжірибе болары сөзсіз. 78 келі салмақта тәжірибелі Зарина Райфоваға сенім артамыз. Ол олимпиадалық рейтингте 18-ші орында тұр. Әзірге, Заринада лицензия бар. Аса ауыр салмақтағы команда үздігі Камила Берлікаш ота жасатқан соң оңалту процесінен өтіп жатыр. Сол себепті, оның орнына Назгүл Маратованы қатыстыруды жөн деп таптық. Жастар арасында жарқырап көзге түскен екі спортшымыз бар. 48 келідегі Ақмарал Науатбек пен Ғалия Тынбаеваны да Токиоға апармақ ойымыз болған. Бірақ Ақмарал күтпеген жерден жарақат алып қалды. Ал Ғалияның жеке бапкері оның әлі жастар құрамасында жүре тұрғанын қалады. Бұл әлем чемпионатының маңызы өте зор. Кем дегенде бір медаль алуды жоспарлап отырмыз. Қыздарымыз жақсы күресіп, жанкүйерді қуантса деген арманымыз бар», - дейді бас бапкер.

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы: Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг), Анна Казюлина (-52 кг), Севара Нышанбаева (-57 кг), Иоланта Бердібекова (-63 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Зарина Райфова (-78 кг) және Назгүл Маратова (+78 кг)

Ф

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер