Дзюдо

Олимпиаданың күміс жүлдегері шеберлік сабағын өткізді

Олимпиаданың күміс жүлдегері шеберлік сабағын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жас дзюдошылармен кездесіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған кездесуге шамамен 50-ге жуық жасөспірім дзюдошы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

- Жастар - біздің болашағымыз. Сондықтан, үлкен спортта ұрпақтар сабақтастығының болғаны абзал. Біз бар білгенімізбен бөліссек, бізден кейінгілер де кішіге білгенін үйретіп отырады деп сенемін. Осындай ашық кездесулер балалардың спортқа деген құлшынысын одан әрі оятып, жігерлендіретіні анық, - дейді Елдос. Чемпионмен кездесуге тек қана спортшылар емес, олардың ата-аналары мен Елдостың елордадағы жанкүйерлері де жиналды.

- Елімізде дзюдо өте қарқынды дамып келе жатыр. Қазір ересектер, жастар және жасөспірімдер құрамасының бәрінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар, - деген Сметов спортта тек спортшы емес, ата-ана мен жаттықтырушылардың да еңбегі орсан зор екенін атап өтті.

Кездесу соңында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Данияров бастаған бір топ бапкерлер құрамы Елдосқа алғысын айтып, шапан жауып, алдағы әлем чемпионатына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Елдос Сметов 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токио қаласында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер