Әлем футболы

Мысырлық футболшыға табынатын бала мұрнын сындырды

Мысырлық футболшыға табынатын бала мұрнын сындырды
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахтың жас жанкүйері сүйікті футболшысымен суретке түсу жолында мұрнын сындырса да, оның арманы орындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Sky Sports телеарнасының Туиттердегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шабуылшының көлігінің артынан жүгіріп бара жатқан 11 жастағы Луи Фаулер көше шамының бағанына соғылып қалған. Алайда Салах жас баланың қиын жағдайға тап болғанын байқай қойып, қайта бұрылып келген. Футболшы Луи және оның інісі Исаакпен кезек-кезек суретке түсті. Ағайынды балалар Салахпен кездесіп қаламыз деген үмітпен, жазғы демалысты «Ливерпуль» базасының жанында қыдырумен өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер