Теннис

Қазақстандық теннисші қыз әлемнің экс-бірінші ракеткасымен ойнайды

Қазақстандық теннисші қыз әлемнің экс-бірінші ракеткасымен ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан Premier 5 Western & Southern Open дәрежелі турнирінің іріктеу сатысынан сәтті өтті деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пуламен өте ауыр матч өткізіп, жеңісті жұлып алды. Кездесу 3 сағатқа жуық уақытқа созылды. Екі тай-брейктің бірінде Пула жеңсе, келесі тай-брейкте Зарина есесін жібермеді. Үшінші сетте оныншы гейм шешуші болды, Дияс қарсыласының берген добына лайықты жауап қатып, партияны 6:4 есебімен ұтты.

Негізгі сатының бірінші айналымында Зарина Дияс басқа басқа емес, әлемнің экс-бірінші ракеткасы Серена Уильямспен кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер