22-турда жанкүйер жинаудан екі рекорд жаңартылды

22-турда жанкүйер жинаудан екі рекорд жаңартылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер-Лигасының 22-туры стадиондарға 33 800 көрермен жинады, деп жазады Prosports.kz. Бұл - маусымның рекорды.

Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр стадионында өткен «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы кездесуге 11 500 адам келді. Ақтөбелік жанкүйерлер маусымдағы өз рекордын қайта жаңартты. Осыған дейін, ҚПЛ-дың осы маусымындағы ең көп жанкүйер жинаған ойыны «Ақтөбе» мен «Тараз» арасындағы матч еді(11 000).

Сондай ақ, «Шахтер» мен «Ордабасы» кездесуін 7000 адам тамашалады. «Тараз» — «Қайрат» — 6 500, «Атырау» — «Қайсар» — 4 000, «Ертіс» — «Тобыл» — 3 000, «Оқжетпес» — «Жетісу» — 1 800 жанкүйер жинады.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер