Велоспорт

Әлемдік велоспорт жұлдыздары Алматыға келеді

Әлемдік велоспорт жұлдыздары Алматыға келеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтетін веложарысты әлемнің 60 елінен көрермендер тамашалайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

30 тамызда Орта Азиядағы ең ірі веложарыс саналатын Tour of Almaty басталады. Қысқа уақыттың ішінде жанкүйерлері мен туристер арасында үлкен қызығушылық туғызған сайысты «Eurosport» арнасы арқылы әлемнің 60 елінде көруге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үшінші рет өтетін халықаралық кәсіби веложарыс екі күнге созылмақ.

«UCI 2.1 санаты бойынша қатысушылардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл бірінші кезең «Алматы Арена» мұз сарайында басталады. Қатысушылар 30 тамызда жарысқа шығып, «Индустриялық парк» аумағымен 118, 6 шақырымды басып өтеді. 31-ші тамыз күні 160 шақырымдық «Road to Medeu» кезеңі басталады», - делінген федерцияның мәліметінде.

Бұған дейінгі Tour of Almaty жарыстарына дат шабандозы Якоб Фульсанг пен испандық Луис Леон Санчес секілді жұлдыздардың бағы жанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер