Футзал

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы қаза тапты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бұрынғы ойыншысы қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, Дуглас Нуньеске түнгі клубтың жанында тапаншадан белгісіз біреу оқ атқан. Қайғылы оқиға Бразилияда орын алған.

«Қайраттан» кеткен соң 27 жастағы Нуньес бразилиялық «Коринтианс» клубында өнер көрсетіп жүр еді.

Сондай ақ, Нуньес алматылық клубтың намысын қорғаған футзал әлемінің жұлдызы Бетаоның інісі.

Дуглас қазақстандық команданың қатарында 2016/2017 маусымның екінші жартысында ойнаған болатын. «Қайратпен» бірге УЕФА кубогында қола жүлдеге қол жеткізді.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер