ММА

Хабибтің әкесі, әрі бапкері МакГрегорды кешіргенін айтты

Хабибтің әкесі, әрі бапкері МакГрегорды кешіргенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі, әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов Конор МакГрегорға кек сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізде болса, ирландиялық спортшы әкелі-балалы Нурмагомедовтар туралы біреше рет нашар пікір білдірген болатын.

«Біз бұл туралы ұмытып та кеттік, мен оны кешірдім. Тіпті оны бірнеше рет қонаққа да шақырдым, өкінішке қарай келмеді. Өзі білсін. Қауіпсіздігіне алаңдайтын болар. Қап тауына келген кез келген адам, қарсылас емес,ең алдымен қонақ болып саналады.

Хабиб бұл идеяға қалай бағалады? Хабиб дағыстандықтардың салтын әсте бұза алмайды. Біз қонаққа келген адамды күтіп алып, сыйлап жібереміз. Жол-жоралғысын жасап, шығарып саламыз», - дейді Абдулманап Нурмагомедов

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 6-қазанында Хабиб МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер