ММА

Атышулы спортшы байлығымен мақтанды

Атышулы спортшы байлығымен мақтанды
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше Хабибтен жеңіліп қалған атышулы ирландиялық аралас жекпе-жек (MMA) шебері Конор МакГрегор өзін миллиардер санайды, деп жазады Prosports.kz.

«Бұрын мен миллиардерлердің назарын аудару үшін төбелестім. Дүние кезек деген осы екен, қазір солардың біріне айналдым», — деп жазды 31 жасар спортшы Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Шілде айында МакГрегор Forbes нұсқасы бойынша жоғары сыйақы төленетін спортшылардың ТOP-100 тізіміне қосылды. Ол осы рейтингке ММА шеберлерінің арасында алғашқы болып кірді.

Журналдың ақпаратына сүйенсек, МакГрегордың соңғы жылдағы табысы (2018 жылдың жазынан бастап) 47 млн долларды. құрайды. Тағы 5 миллионды Reebok жарнамалық келісімшарты бойынша тапса, қалған табысы Proper 12 вискиін сатудан түскен.

Естеріңізде болса, МакГрегор 2017 жылдың тамыз айында америкалық боксшы Флойд Мэйуэзерге қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңілгеніне қарамастан 50 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер