Avangar Мәскеуде өтетін турнирге қатысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық сs команда AVANGAR BLAST Pro Series Moscow жабық іріктеу турниріне шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге Winstrike, ForZe, Nemiga Gaming сынды бес команда қатысады.
Біздің жерлестеріміздің алғашқы қарсыласы - Vega Squadron. Матч Мәскеу уақытымен 17:00-де басталады. Ойын форматы үш жеңіске дейін. Жеңімпаз Play-In кезеңіне жолдама алды.
BLAST Pro Series Moscow 2019 13 қыркүйек пен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Ең мықты 6 команда қатысатын турнирің жүлде қоры 250 мың доллар.