русский язык

Жасөспірімдер Олимпиадасынан қайтып оралған спортшыларымызды қарсы алды

Жасөспірімдер Олимпиадасынан қайтып оралған спортшыларымызды қарсы алды

Нанкинде өткен жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарынан спортшылармыз кеше түнде елге оралды, деп мәлімдейді 24.kz сайты.

Оларды Алматы әуежайында жұртшылық қошеметтеп қарсы алды. Үш алтын медаль, бір күміс және төрт қола жүлдені қоржынға салған қазақ елінің өрендері бес спорт түрінен көзге түскен.

«Дайындық өте жақсы болды. Осы Алматы ұаласында дайындалып, жиын өткізіп, Қытайға кеткен болатынбыз», - дейді бокстан жасөспірімдер арасындағы олимпиада чемпионы Абылайхан Жүсіпов.

«Қазақстанның туын желбіретіп, әнұранын ойнатқаныма өте қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет!» - дейді Бауыржан Жауынтаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;