Әлем футболы

«Астананың» экс-ойыншысы Педро Энрике өзіне жаңа клуб тапты

«Астананың» экс-ойыншысы Педро Энрике өзіне жаңа клуб тапты
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Педро Энрике туркиялық «Кайсериспормен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

29 жастағы бразилиялық футболшы жаңа клубпен үшжылдық еңбек келісіміне қол қойды. Оның грекиялық ПАОК-тен «Кайсериспорға» қаншаға ауысқаны хабарланбады.

Айта кетейік, Энрике 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қаңтарына дейін «Астанада» жалда ойнаған болатын. Қазақстандық клубта ол 19 матчқа қатысып, үш гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер