Алматыдағы ауыр атлетикадан ӘЧ-ға 500 спортшы қатысады
![Алматыдағы ауыр атлетикадан ӘЧ-ға 500 спортшы қатысады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1409418189_3975634.jpg?v=28698535)
Әлем чемпионатына дайындық қарқынды жүруде. Турнирді ұйымдастыру комитетіне қазақстандық мамандардан бөлек, Венгрия мен Жапония сарапшылары да енген.
«Алматыда өтетін турнир – ауыр атлетика үшін маңызды оқиға. Себебі мұнда 2016 жылы Рио-де-Женейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алуға болады. Әлем чемпионатына 500-ден аса спортшы қатысады. Мұндай жарыс посткеңестік аймақта бірінші рет болайын деп отыр», - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков.