Еркін күрес

Қайпанов: Басты мақсатым - әлем чемпионатында алтын алу

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен 2019 жылғы Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов жақында өткен Циолковский мемориалын қорытындылап, әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты.

«Польшада өткен халықаралық турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жан-жақтан қарымды балуандар жиналған. Турнирдің ақтық сынында түрік балуанынан ұтылдым. Бұл белдесуде қарсыласты оңай ұтамын деп, өзіме тым сенімді болып кеткен сияқтымын. Бір жағынан, бұл жеңіліс мені қамшылауда. Бүгінде тынымсыз жаттығу үстіндемін. Бір айдан соң өз елімізде әлем чемпионаты басталады. Сол сында барымды салатыным сөзсіз. Басты мақсатым – әлем біріншілігінен алтын медаль алу. Әлемдік дода өз елімізде, өз жанкүйеріміздің көз алдында өтеді. Сондықтан, аянып қалмау қажет», - деді Қайпанов.

Нұрғожа Қайпанов 70 келі салмақта белдеседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер