Ауыр атлетика

Илья Ильин Талдықорғанда өткен жарыста жеңіске жетті

Илья Ильин Талдықорғанда өткен жарыста жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда ауыр атлетикадан өткен Қазақстан спартакиадасында Илья Ильин жеңіске жетті. Төрт дүркін әлем чемпионы 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшы «Жұлқа көтеруде» 170 келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды.

«Серпе көтеруде» Ильян Ильин 200 келі салмақты бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екінші талпынысында бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде 205 келіге тапсырыс беріп, өкінішке орай зілтемірге шамасы жетпеді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша Илья Ильин 370 келіні (170 келі жұлқа көтеру-200 келі серпе көтеру) көтеріп, спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Осы бәсеке кезінде Илья Ильин бұған дейінгі жарыстарда көрсеткен нәтижесінен жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, Талдықорғанда 4-9 тамыз аралығында Қазақстанның ауыр атлетикадан спартакиадасы өтті. Жарыс бүгін мәресіне жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер