Әлем футболы

«Барселона» Неймардан «Реалға» көшпеуін сұраған

news-banner7
mobile-news-top

Каталондық «Барселона» ПСЖ-ның шабуылшысы Неймарды сатып алу үшін қолдан келгенін істеуге дайын.

«Барселонаның» өкілдері Неймарға жеке хабарласып, одан «Реалға» көшпеуін сұраған. «Корольдік» команда бразилиялық футболшы үшін 120 миллион төлеп, жақсы келісімшарт ұсынған. Ал каталондық клуб мұндай қадамға бармай отыр. Оның орнына Неймарға халық алдында Испания чемпионына ауысқысы келетінін мәлімдеуді өтінген.

Еске сала кетейік, Неймар 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға рекордты саналатын 222 миллион еуроға ауысқан болатын.
Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер