Головкин-Рубио кездесуінің билеттері сатылымға түсті
![Головкин-Рубио кездесуінің билеттері сатылымға түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1409386342_475982936.jpg?v=28697736)
Ең арзан билет құны 27 долларды, яғни 5 мың теңгені құрайды, деп мәлімдейді BoxingScene.com.
Билеттерді StubHub Center кассасы мен AXS.com сайтынан алуға болады. Бағалары 27 мен 210 доллар шамасында. Кездесу Карсон қаласында (Лос-Анджелес, Калифорния штаты, АҚШ) 18 қараша күні StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Головкин-Рубио жекпе-жегінің жеңімпазы WBC қазіргі чемпионы Мигел Коттомен жұдырықтасады.