Ауыр атлетика

Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасында топ жарды

Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасы жалғасып жатыр. Бүгін ерлер арасында екі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz.

89 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Нұрғиса Әділетұлы мен Сұлтан Мейрам өзара бөліскен.

Ал 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Антон Антропов топ жарды. Күміс жүлдені Шыңғыс Сағындықов, қола медальді Рахат Бекболат иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер