русский язык
Футбол

Константин Фролов: «Физикалық тұрғыда футболшыларға оңай болған жоқ»

Константин Фролов: «Физикалық тұрғыда футболшыларға оңай болған жоқ»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Константин Фролов «Қайраттың» жасөспірімдер командасына қарсы өткізген жолдастық кездесу туралы ойымен бөлісті.

«Өте жоғары динамикалы ойында қарсыласымызды 3:0 есебімен жеңдік. Оның үстіне, футболшыларымыз әр екінші күні жолдастық кездесу өткізіп жатты. Яғни, физикалық тұрғыда футболшыларға оңай болған жоқ. Венгрияда өтетін «Еуро-2015» іріктеу додасында да графигіміз осындай болады. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қорғаныстан шабуылға өтер кезде өрескел қателік жіберіп, қақпамызға гол жібере жаздадық. Екінші тайм қарқындырақ басталды. Гол соқтық, қарсылас та ашыла бастады. Бірінші голды әдемі ұйымдастырылған қарымта шабуылдың нәтижесінде соқтық. Екінші голды қарсыластың айып алаңында допты тартып алып соқтық. Ал үшіншісін тағы да қарымта шабуылдың нәтижесінде ұйымдастырдық.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде толыққанды жұмыс істедік. Команданың ойыны түлеп келеді. Енді құрама 12 қазан күні тағы да Талғарда жиналады. 19 қазанға дейін осында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Венгрияға ұшып кетеміз. Ол жақтағы алғашқы ойынымызды 21 қазан күні Хорватия жасөспірімдер құрамасына қарсы өткіземіз».

«Еуро-2015» іріктеу додасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасына (U-17) Хорватия, Венгрия және Израиль құрамалары қарсылас болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;