русский язык
Футбол

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Талғардағы базада ОЖЖ өткізіп жатқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17)  «Қайрат» клубының жастар командасымен (U-18) жолдастық кездесу өткізді.

Үш голдың бәрі де екінші таймда соғылды. Алдымен 60-минутта Ө. Әміртаев есеп ашса, араға екі минут салып, Н. Жагоров есепті еселеді. Ал 69 минутта Ш. Сәменов таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Осылайша айналдырған тоғыз минуттың ішінде үш гол соққан құрама жеткіншектері өздерінен бір жас үлкен ағаларынан айқын басым болды. 

Осы ойын арқылы Константин Фролов шәкірттері 22 тамызда басталған оқу-аттығу жиынын тәмамдады.

Естеріңізге сала кетейік, ойын қазан айында Венгрияда өтетін «Еуро-2015» іріктеу додасына дайындық аясында өтті.

 

«Қазақстан» (U-17) - «Қайрат» (U-18) - 3:0 (0:0)

Голдар: 60' Әміртаев - 1:0, 62' Жагоров - 2:0, 69' Сәменов - 3:0 

29 тамыз 2014 жыл. Талғар қаласы

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;