Кумыков: «Екінші таймда өзімізге былай дедік: біздің ойнағымыз келмейді»
![Кумыков: «Екінші таймда өзімізге былай дедік: біздің ойнағымыз келмейді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1409382510_910747094.jpg?v=28701992)
«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков «Қайратқа» қарсы матчтан кейін кездесудің нәтижесі туралы пікірін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, кездесуде алматылықтар 6:1 есебімен «Шахтерді» тас-талқан еткен болатын.
«Ойыншылардың техникалық, тактикалық қозғалыстарын талдау өте қиын. Бірінші таймда жақсы ойнадық. Кейін өзімізге «ойнай алмаймыз» деп айтқан сияқты болдық. Екінші таймда өзімізге былай дедік: біздің ойнағымыз келмейді. Маған осылай боп көрінді. Бәрі неге өзгеріп кеткенін білмеймін. Біз жаттығудағыдай гол жібере бердік, пас берілсе – гол, бірге-бір шықса – гол. Ешкімді айыптамаймын, бәрін талдаймыз. Жалпы екінші тайм өте сәтсіз болды», - деді Кумыков.