Еркін күрес

Нұрислам Санаев: Әлем чемпионатында топ жару үшін аянып қалмаймын

Нұрислам Санаев: Әлем чемпионатында топ жару үшін аянып қалмаймын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының көшбасшысы Нұрислам Санаев елімізде өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Тәжірибелі балуан Польшадағы Циолковский мемориалында үздіктер қатарынан көрініп, біріншілік қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарының бірін өткізіп жатыр.

«Польшадағы турнир мен үшін жаман өткен жоқ. Әлем чемпионаты қарсаңында өз әлеуетімді бақылауға мүмкіндік берді. Турнирге мықты балуандар жиналды. Финалда ресейлік қарсыласыма есе жібердім. Онымен екінші рет кездесіп тұрмын. Болгарияда өткен турнирде алғаш рет белдесіп, жеңіске жеткен едім. Сол аралықта оның біраз өскені байқалып тұр. Ақтық айқаста тактикалық қателікке бой алдырғаным мені алтын медальдан қақты. Жалпы алғанда, Циолковский мемориалы дайындығымды пысықтап алу үшін таптырмас турнир болды. Енді бар күшімізді жаттығу жиынына саламыз. Өйткені, әлем чемпионатының басталуына өте аз уақыт қалды. Бүгін АІВА академиясында жаттығу жиыны басталды. 2 қыркүйек күні біріншілік қарсаңындағы соңғы жиын өтеді. Ең басты мақсатым – жаттығу жиынын еш жарақатсыз өткізіп, әлем чемпионатында бабыма келу. Бабымда болсам, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Аянып қалмаймын. Әлем чемпионы болғым келеді менің», - дейді Нұрислам.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер