Командалық

Волейболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Волейболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Мьянмада 23 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасы топтық сындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Топтағы үшінші ойында қазақстандықтар Сауд Арабиясымен кездесіп, 3:0 (25-20; 25-23; 25-22) есебімен жеңіске жетті. Қазақстан командасы сапында 13 ұпай жинаған Анас Жұмаділов пе 10 ұпай еншілеен Александр Сүлеймановтар үздік деп танылды.

Осылайша, біздің команда В тобында екінші орын алды. Бірінші орында Жапония, үшінші орында Вьетнам, төртінші сатыда Сауд Арабиясы орналасқан.

Келесі айналымда қазақстандықтар Жапония, Үндістан және Қытаймен бірге F тобында бақ сынайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер