Велоспорт

Павел Воржев - тректегі велоспорттан ел чемпионы

Павел Воржев - тректегі велоспорттан ел чемпионы
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорт бойынша Қазақстан спартакиадасында жарыс бағдарламасының екі түрі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ерлер арасындағы спринтте Қазақстан командасының көшбасшысы Павел Воржевке тең келер ешкім болмады. Екінші болып Андрей Чугай мәреге келді. Үшінші орынды Сергей Пономарев иеленді. Әйелдер арасында бағдарламаның осы түрінде Анастасия Шаповалова алтын медаль, Жанерке Санақбаева екінші орынға, Алена Абрамчук үшінші орынға ие болды.

Командалық қудалау жарысында (ерлер) Қызылорда облысы бірінші орынды иеленді. Қостанай облысының шабандоздары екінші нәтижені көрсетті. Қола жүлде елордалықтар еншісінде қалды. Әйелдер арасында Алматы облысының шабандоздары жеңіске жетті. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленді. Нұр-Сұлтандықтар үшінші орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер