русский язык
Футбол

«Қайрат» қаһарынa мінді. «Қайрат» - «Шахтер» - 6:1

«Қайрат» қаһарынa мінді. «Қайрат» - «Шахтер» - 6:1

Қазақстан чемпионатының 24-ші туры аясында Алматы қаласының Орталық стадионында жергілікті  «Қайрат» қарағандылық «Шахтерді» 6:1 есебімен тас-талқан етті. Дәл осы алаңда бір апта бұрын «кеншілер» алаң иелерінен ұтылған болатын.

Кездесу қонақтардың шабуылымен басталды. Бірінші болып Роман Мұртазаев «Қайрат» қақпашысы Хомичтің қыралығын тексеріп көрмек болды, оның алыстан бағыттаған соққысын Хомичтің қолынан табылды. Ойынның 21-ші минутында «кеншілер» сапынан Гедиминас Вичюс көзге түсті. Қақпа маңына жақындап барып жойқын соққы жасаған ол командасын есепт алға шығарды. Ал «Қайрат» футболшылары тек алғашқы таймның соңына қарай таразы басын теңестіре алды. Бұрыштама добы көтерілгеннен кейін Кислицын баспен алыс бұрышты дәл көздеді. Есеп 1:1. Екінші тайм басталысымен алаң иелері басымдыққа ие болды. Исламханның пасынан кейін Исаэл есепті еселей түсті. 10 минут өтер-өтпестен «Қайрат» футболышары есепті іріге дейін жеткізді. Алматылықтардың қара маржан Гоу қақпашымен жеке шыққан тұста, айласын асырып кетті. Айтып ауыз жиғанша ивуарлық шабуылшы екінші голын соқты. Исламханнан пас алғаннан кейін Мокинмен жеке шығып, «Шахтер» қақпашысын қара жерге қаратып кетті. 71-ші минутта «кеншілердің» бұрынғы ойыншысы Аслан Дарабаев есепті 5:1-ге жеткізді. Дубль авторы атанған Гоу қақпа маңындағы қарбалас тұста Асланға допты асырып, оған гол соғуға жағдай жасап берді. Вайсстың «джокері» екі-үш қорғаушыны қапы қалдырып, Мокиннен айласын асырып кетті.  Бірер минут өте қойған жоқ еді, Исаэл өзінің екінші добын соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша,  алматылық «Қайрат» жарыс кестесінде көш бастады. Ал алты бірдей доп жіберген «Шахтер» бір сатыға төмендеп, бесінші орынға жайғасты.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-Лига. 24-ші тур

«Қайрат» (Алматы) - «Шахтер» (Қарағанды)- 6:1 (1:1)

Голдар: Кислицын 44, Исаэль 47, 69, Гоу 57, 58, Дарабаев 68 – Вичюс 21

«Қайрат»: Хомич, Қуантаев (Едигарян 71), Кислицын, Смақов (к), Плиев, Михалик, Бакаев, Исламхан (Лунин 78), Исаэл, Байтана (Дарабаев 41), Гоу

Қосалқы құрам: Ткачук, Гурман, Едигарян, Дарабаев, Риера, Лунин, Маркович

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Масло, Порываев, Габышев, Вичюс (Байжанов 61), Джидич (Мурзоев 62), Покривач, Муртазаев (Бауыржан 72), Топчагич

Қосалқы құрам: Покатилов, Мурзоев, Байжанов, Борантаев, Бауыржан, Саломов, Ермеков  

29 тамыз 2014 жыл. Алматы қаласы Орталық стадион. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;