​«Астана» Черногория құрамасының қорғаушысын ресми тіркеді

​«Астана» Черногория құрамасының қорғаушысын ресми тіркеді
news-banner7
mobile-news-top

​«Астана» Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевичті ресми тіркеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу бойынша Палатасының рұқсатымен ​«Астана» Жарко Томашевичті ресми қатарына қосты. Жарко Томашевич бес дүркін Қазақстан чемпиондары сапына еркін агент ретінде қосылды.

Томашевич Белгия чемпионатының жоғарғы лигасында «Кортрийк» және «Оостенде» командалары сапында ойнап, 141 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. Одан бөлек, сербиялық «Партизан» және португалиялық «Насиональ» сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған.

Жарко Черногория ұлттық құрамасы сапында өткізген 35 кездесуде 4 гол нәтижелі соққысымен көзге түскен. Соның ішінде бір голды Қазақстан құрамасының қақпасына соққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер