русский язык
Футбол

«Тараз» талдықорғандықтарды тізе бүктірді

«Тараз» талдықорғандықтарды тізе бүктірді

Өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» қарсы кездесуден бұрын «Тараз» ойыншылары семейлік «Спартактың» турнир кестесінде қуып жеткенін білген шығар, сондықтан оларға бүгін жеңіс ауадай қажет болды.

Алаң иелері бірінші таймның аяғында нәтижелі екі шабуыл ұйымдастыра алды. Алғашқы гол оң қапталдағы Алексей Щеткиннің белсенді ойнауымен басталды, ол Виктор Ковалевтен допты тартып алып, Жақып Қожамбердіге пас асырды, соңғысы қорғаушыны алдап өтіп, футбол «снарядын» қақпада тулатты. Араға аз ғана уақыт салып, Олег Недашковский талдықорғандық қонақтардың ойынды құтқарып қалатын мүмкіндігін жоққа шығарды – 2:0.

 

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ, «Тараз» 14 ұпаймен бірден тоғызыншы сатыға көтерілді.

«Тараз» (Тараз) – «Жетісу» (Талдықорган) 2:0 (2:0)

Голдар1:0 – Қожамберді (40), 2:0 – Недашковский (43)

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;