Велоспорт

Жас шабандоз жарыс жолында қайтыс болды

Жас шабандоз жарыс жолында қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

«Lotto-Soudal» командасының бельгиялық шабандозы Бьорг Ламбрехт «Польша» турының үшінші кезеңінде құлап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың 50-ші шақырымында Ламбрехт бетон құбырына құлады. 22 жастағы шабандозға алғашқы медициналық көмек тас жолда көрсетілді. Кейін ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, бірақ операциядан аман шықпады.

Айта кетейік, Ламбрехт кәсіби мансабын 2018 жылы бастаған. Әрі сол жылы жастар арсында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған.

Ал 2019 жылы маусымда Ламбрехт Lotto-Soudal командасымен келісімшарт мерзімін 2 жылға ұзартқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер