Теннис

Теннис серкелері текетіресті Қазақстанда жалғастырмақ

Теннис серкелері текетіресті Қазақстанда жалғастырмақ
news-banner7
mobile-news-top

Әлем теннисінің жұлдыздары испаниялық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович Нұр-Сұлтан қаласында бір-біріне қарсы ойнайды, деп жазады Prosports.kz.

Әлемнің басты теннисшілерінің кортта кездесуі қайырымдылық матчы аясында өтеді. Ойын

«Барыс Аренада» болады. Кортқа Надаль мен Джокович 24 қазанда шығады. Басталуы 19.00. Билеттерді қазірден бастап, сатып алуға болады.

Джокович қазіргі уақытта әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Надаль екінші орында. Жеке кездесулердегі есеп 28:26, сербиялықтың сәл басымдығы байқалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер