Жеңіл атлетика

Оңтүстік астанада триатлоннан Азия кубогы аяқталды

Оңтүстік астанада триатлоннан Азия кубогы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

19 мемлекеттен 69 кәсіби спортшы қатысқан жарыс Сайран көлінің жағасында өтті. Спортшылар жүлделі орынға ғана емес, Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін рейтингілік ұпайға да таласты. Әйелдер арасындағы бейтарап ту астында өнер көрсететін Арина Шульгина ешкімге дес бермей, жеңімпаз атанды. Екінші орын кореялық Йе Джин Паркке бұйырды. Үшінші орын да Корея спортшысы Гири Кимннің еншісінде кетті. Ерлер арасында ITU туы астында сынға түсетін Фелкис Дюшамп топ жарса, екінші орынды Оскар Коггинс (Гонгконг), үшінші орынды Огнен Стоянович (Сербия) иеленді. Қазақстандық Аян Бейсенбаев жүлдеден тыс қалып, төртінші орынды місе тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер