Еркін күрес

Нұрғожа Қайпанов Варшавадағы турнирде күміс жүлде иеленді

Нұрғожа Қайпанов Варшавадағы турнирде күміс жүлде иеленді
news-banner7
mobile-news-top

4 тамыз күні Варшавада еркін күрестен Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Нұрғожа Қайпанов күміс жүлдегер атанды деп жазады Olympic.kz.

70 келіде белдескен Қайпанов ақтық айқаста түркиялық Хайдар Явузға есе жіберді.

Сондай-ақ, бүгін кілемге шыққан спортшылар арасында Саятбек Оқасов пен Дәулет Ниязбеков қола жүлдегер атанды. Екі балуан да 65 келіде ел намысын қорғаған болатын.

Бұған дейін Циолковский мемориалында Нұрислам Санаев (57 келі), Расул Қалиев (61 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Нұрғали Нұрғайыпұлы, Ералы Әбдірашев (92 келі) және Әлішер Ерғали (97 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы Польшадағы халықаралық турнирден 9 медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер