русский язык
Теннис

Кукушкин US Open-нің жұптық сайысында келесі айналымға шықты

Кукушкин US Open-нің жұптық сайысында келесі айналымға шықты

Михаил Кукушкин жаңазеландиялық Майкл Винуспен бірге АҚШ АШық чемпионатының жұптық сайысында екінші айналымға өтті.

Бірінші айналымда қазақстандық пен жаңазеландиялық дуэт испан Фелисиано Лопес және аргентиналық Хуан Монако жұбымен кездесті. Бірінші сет Кукушкин мен Винустың пайдасына шешілді - 6:2. Олар екінші партияда да 3:0 есебімен басым түсіп жатқан-ды, алайда Лопес пен Монако матчты жалғастырудан бас тартқанына байланысты кездесу тоқтатылды. 

 

М. Кукушкин (Казахстан)/М. Винус (Новая Зеландия) – Ф. Лопес (Испания)/Х. Монако (Аргентина) 6:2, 3:0, бас тартты

 

Ал тағы бір қазақстандық Андрей Голубев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге колумбиялық жұп Николас Баррьентос мен Сантьяго Хиральдоға екі сетте жол берді – 4:6, 6:7 (3:7).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;