ММА

UFC-дегі америкалық Нурмагомедовты қиналмай жеңуге уәде берді

UFC-дегі америкалық Нурмагомедовты қиналмай жеңуге уәде берді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Колби Ковингтон Хабиб Нурмагомедовпен болуы мүмкін кездесуі туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz

«Хабиб екеуміз жекпе-жекке шықсақ, ол мен үшін қиынға соқпас еді. Мұндай кездесудің болуы бек мүмкін, себебі біз аралық салмақта октагонға шығып, дәл қазір кімнің күшті екенін анықтайтын едік. Мен оны еш қиналмай жеңетін едім. Бұл ең жеңіл жеңіс болады», -дейді Ковингтон.

Америкалық 4 тамызда жартылай орта салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Робби Лоулерге қарсы кездесу өткізеді.

Колби Ковингтон 15 жекпе-жек өткізіп, оның 14-і жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер