Америкалық файтер Хабибті еш қиналмастан жеңе алатынын мәлімдеді
![Америкалық файтер Хабибті еш қиналмастан жеңе алатынын мәлімдеді](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_e903ba22a50a2e33baffbb7ad94ae2a6.jpg?v=28641723)
Америкалық ММА файтері Колби Ковингтон ресейлік Хабиб Нурмагомедовті қиындықсыз жеңе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Хабибпен сынға түссем, мен үшін жеңіл айқас болары анық. Жекпе-жек өтіп жатса, оны тез арада еш қиналмастан ұтар едім, - деді Ковингтон.
4 тамызда Ковингтон Робби Лоулерге қарсы жекпе-жек өткізеді. Хабиб 7 қыркүйекте Даниэль Кормьемен кездеседі.