русский язык
Футбол

Қош бол, Еуропа! «Астананың» Испанияға жорығы сәтсіз аяқталды (ВИДЕО)

Қош бол, Еуропа! «Астананың» Испанияға жорығы сәтсіз аяқталды (ВИДЕО)

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған қос клубымыздың біреуі елордалық «Астана» болатын.

Қарсыласы анау-мынау емес, Испания Ла Лигасында мадридтің «Реал», каталонияның «Барселона» сияқты әлемнің азулы командаларымен тең дәрежеде өнер көрсетіп жүрген «Вильярреал» болатын. Әу баста-ақ қазақстандық клуб бұл команданы қапы қалдырып, келесі кезеңге шығады дегенге сенетіндер аз еді, бірақ бар болатын. Алғашқы кездесуде тәп-тәуір ойынды бастағанымен, кейіннен тәнтіректеп қақпасына үш бірдей гол жіберіп алды. Осыдан кейін-ақ елордалық клубтың әусересі қайда жететінін анық болған. Испания жеріне бірінші болып табан тіреген «Астана» футболшылары матчта жеңеді демесекте, қара жерге қаратпайды деген ойда болдық. Бірақ тәжірбиенің аты тәжірбие. Еурододаның чемпионы болған команда команда қорғанысының быт-шытын шығарды. Осылайша, Еуропа додасының топтық кезеңіне өту арманы тағы бір жылға шегерілді.

Матчты алаң иелері тың бастады. Бірден қарсылас қақпасынан саңылау іздеген испандық футболшылар мақсаттарына 20-шы минутта жетті. Сол қапталдан Хавьер Эспиноссаның алыс бұрышқа бағыттаған добын Логиновский тамаша қайтара білді, алайда лезде допқа үлгенрген Лусиано Виетто екінші мәрте қақпаға соққы бағыттап, есепті ашты. Виеттоның бірінші тайм аяқталар тұсында есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Логиновскиймен жеке шыққанымен, қақпаның тура көздей алмады. Үзіліске дейін испандықтар бірнеше ұрымтал тұстарын пайдалана алмады. Бірде дәлдік жетіспесе, бірде сәттілік жолдас болмады. Екінші таймға шыққан алаң иелері бірден есепті еселеудің жолын іздеді. 54-минутта сол Виетто қақпа маңына жақындап барып, қақпаның тура «тоғыздығына» жойқын соққы бағыттады. Бұл жолы Владимир Логиновский әлсіз. 6 минут өткен соң «Астана» қақпасына қарай 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Нүктеге жақындаған Бруно мүлт кетпеді. Қорғаушылар әбден есеңгіреп қалған болатын. 4-ші гол да көп күттірмеді. 67-ші минутта Науэль Лейва «Астана» қақпашысы Логиновскиймен жеке дара шықты. Лейва Владимирден айласын асырып, есепті 4:0-ге жеткізді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы аса қауіпті шабуылдар бола қойған жоқ. Осылайша тартысты өрбіген матчта елорадалық футболшылар алаңда түк бітіре алмады. Дегенмен Еуропа футболының дәмін татып, таптырмас тәжірбие жинап қайтты деген сенімдеміз.

 

Еуропа Лигасы. Плей-офф. Екінші матч

«Вильярреал» - «Астана» - 4:0 (1:0) Бірінші матч: 3:0

Голдар: Виетто 21, 54, Бруно 61 (пенальтиден), Лейва 67

29 тамыз 2014 жыл. Испания Эль-Мадригал

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;