Жеңіл атлетика

Роман Лошкарев Швейцариядағы халықаралық сынға қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі, биікке секіруден сынға түсетін Роман Лошкарев Citius Meeting турнирінде бақ сынайды.

Жарыс 3 тамыз күні Швейцарияның Берн қаласында өтеді.

Биікке секірушілер сынына сегіз атлет қатысады. Атап айтар болсақ, Крис Бэйкер (Ұлыбритания), Дмитрий Яковенко (Украина), Алламин Хамди (Катар), Димитриос Хондрокукис (Кипр), Дэвид Смит (Ұлыбритания), Вивьен Стрейт (Швейцария), Роман Сьебер (Швейцария) қазақстандық спортшыға қарсылас атанбақ.

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-ге жоспарланған.

Айта кетелік, шілде айында Татьяна Колпакованың жүлдесі үшін өткен халықаралық жарыста Роман Лошкарев жеке рекордын орнатып, 2.22 метрді бағындырды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер