Командалық

Бейсболдың бас лигасының (MLB) матчы командалары арасындағы тартысты ойын сұмдық төбелеспен бітті

Бейсболдың  бас лигасының (MLB) матчы командалары арасындағы тартысты ойын сұмдық төбелеспен бітті
news-banner7
mobile-news-top

«Цинциннати Редс» пен «Питтсбург Пайретс» арасындағы тартысты матч сұмдық төбелеске ұласты. Аиалмыш командалардың кездесуі үнемі жанкүйер біткеннің қызығушылығын тудырса да, мұндай жанжал бұрын-соңды болмаған еді. Тоғызыншы иннингте «Редс» ойыншысы Эмир Гаррет қолғабын тастай сала, қосалқы құрам отыратын жаққа қарай беттеді, тіпті жалғыз өзі жанжалдасуға дейін барған. Мұнан соң қос команда ойыншылары қарап қалсын ба?!

Төбелес бірнеше минутқа созылды, себебі төрешілердің ойыншыларды тез арада сабырға шақыруы мүмкін емес-тін. Ойын соңына дейін бірнеше бейсболшы алаңнан қуылды.

Ойынды «Питтсбург Пайретс» жеңіспен аяқтады. Есеп 11:4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер