русский язык

Тарихи жетістікке қол жеткізген. «Астананың» кезекті қарсыласы кім

Тарихи жетістікке қол жеткізген. «Астананың» кезекті қарсыласы кім
news-banner7
mobile-news-top

Еурокубокта ел намысын қорғауға жылдағыдай жалғыз «Астана» қалды. Текетірестің төртінші таймында ғана чемпиондарымыз андорралық «Санта-Коломаның» сағын сындырды. Үшінші кезеңде Роман Григорчук баптайын команда футболдағы тағы бір ергежейлі ел санатына жататын Мальта елінің клубы «Валеттамен» кездеседі. Prosports.kz «Астананың» еурокубоктағы келесі қарсыласы жайлы мағлұмат бермек.

«Валетта» клубының 76 жылдық тарихи бар. 1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс өршіп тұрған кезде құрылған екен. Соңғы 10 жылда 6 мәрте өз елінің чемпионы атаныпты.

Клубтың былтырғы чемпиондығы қиындықпен келді. Біріншілік қорытындысы бойынша «Хибернианс» командасымен ұпай саны тең болып тұрды. Чемпионды анықтауға қосымша матч керек болды. «Валетта» қарсыласын ойын соңындағы пенальти сериясында ғана ұтып, біріншілікте топ жарды.

«Астана» секілді Мальта елінің чемпиондары да еурокубоктағы жолын Чемпиондар лигасынан бастады. Бірақ, бұл ұжым алғашқы кезеңнен сүрінбеді. Люксембург чемпиондары «Ф91 Дюделанджды» артта қалдырды. Өз алаңында 1:1 ойнады. Қонақта 2:2 есебін тіркеді. Сырт алаңдағы нәтиженің арқасында екінші кезеңге өтті. «Валетта» мықты ұжым екенін осы матчта көрсетті. Бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатса да, екінші таймда таразы басын 6 минуттың ішінде теңестіріп кетті.

Екінші кезеңде «Валеттаны» венгриялық «Ференцварош» командасы тоқтатты. Екі матчтық текетіресте «Астананың» болашақ қарсыластары екі доп соғып, өз қақпаларына төрт гол жіберді. Екі голға да италиялық шабуылшы Марио Фонтанелла қатысты. 30 жастағы футболшы гол соқты және нәтижелі пас берді. «Астананың» қорғаушылары осы жігіттен сақтануы керек.

Осы жылы «Валетта» клубтың тарихи жетістігіне қол жеткізді. Еуроаренада бұл команда Мальтаның намысын сонау 1964/1965 маусымнан бері қорғап жүр екен. Чемпиондар лигасы, Интертато кубогы, Еуропа лигасы. Алайда, ешқашан еурокубоктың екінші кезеңінен әрі аса алмапты. Биыл тұңғыш рет үшінші кезеңге дейін жетіп отыр.

«Валетта» ел астанасы Валетта қаласындағы Ұлттық стадионда қарсыластарын қабылдайды. Сондай ақ, Мальта ұлттық құрамасы да бұл кешенде негізгі матчтарын өткізеді. Бар болғаны 17 000 көрерменді ғана сыйдара алады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;