Велоспорт

Андрей Глущенко: Триатлоншыларымыз жүлдеге таласуға дайын

Андрей Глущенко: Триатлоншыларымыз жүлдеге таласуға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Тамыз айының соңында Лозанна қаласында триатлоннан әлем чемпионаты басталады. Осыған орай, команда бас бапкері Андрей Глущенко әлемдік сынға қатысатын спортшылар құрамын атады. Olympic.kz сайтына берген сұхбат берген бапкер олимпиада жолдамасы туралы да сөз қозғады.

- Андрей Александрович, әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімін атап өтсеңіз...

- Лозаннадағы жер жүзілік додада бақ сынайтын спортшылар анықталды. Әлем чемпионатына Арина Шульгина, Аян Бейсенбаев, Семён Пивоваров, Темірлан Теміров, Мейірлан Ысқақов, Даниил Зубцов, Дэнис Туницкий қатысады.

- Әлем біріншілігіне аттанатын спортшыларды қалай таңдап алдыңыздар?

- Чемпионатқа әлемдік рейтингтегі алғашқы 65 спортшы таңдап алынады. Ал жастар арасында 70 спортшы іріктеледі. Команда мүшесі Дарын Қонысбаев бұл додадан сырт қалмақ. Ол ХОК ұйымдастыратын Бүкіәлемдік жағажай ойындарына дайындалып жатыр. Аталған сын 12-16 қазан күндері Катарда өтеді.

- Команданың дайындығы қалай өтуде?

- Жаттығу кезеңі аяқталып қалды десем де болады. 12-22 тамыз аралығында Венгрияда оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Сол жақта Еуропа кубогіне қатысып, спортшылардың әлеуетін байқайтын боламыз. Кейін Чехияға жол тартып, чемпионат басталғанша сол жерде дайындаламыз.

- Спортшылардың қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз?

- Өткен жылдармен салыстырғанда команда біраз өсті. Бәсекеге қабілетті спортшыларымыз бар. Өз жас деңгейлерінде біздің спортшылар жүлдеге таласа алады.

- Олимпиада жолдамасы туралы не айтасыз? Кімнің мүмкіндігі мол?

- Олимпиада жолдамасына біртабан жақын тұрған спортшы – Арина Шульгина. Оның лицензияға иелік ету мүмкіндігін 90 пайызға бағалауға болады. Аян Бейсенбаевтың да мүмкіндігі жоғары. Жастар арасында жақсы қарқын алып келе жатқан Дарын Қонысбаевтың да жолдамаға таласы бар. Ол Азияда жақсы жүгіретін спортшылар қатарында.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер